Еңбек етем деген адамға қай жерде, қандай жағдайда болсын жұмыс табылады
Семей қаласында орналасқан ОВ-156/14 мекемесінде жазасын өтеп жатқан төрт жігіттің тірлігі сөзімізге дәлел. Олар қазір темір тордың ішінде бөдене өсірумен шұғылдануда. «Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деген тіркесті «құс өсірсең бөдене өсір, өнімі оның көл-көсір» деп те құбылтуға болатын сияқты. Өйткені бөдене өте өсімтал құс. «Бұл бізге бір жағынан еңбек, бір жағынан ермек. Күніне 120-ға дейін жұмыртқа аламыз. Бөдене 17 күнде дүниеге келеді, 40 күнде жұмыртқа береді» дейді ОВ-156/14 мекемесінде жазасын өтеуші Арман есімді жігіт.Азамат ӘБІЛҰЛЫ, Шығыс Қазақстан облысы