Ақмола облысында 112 сотталушы амнистияға ілікпек. Сотталғандарға «Амнистия» туралы жобаның негізгі ережелерін талқылау және түсіндіру мақсатында облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінде қоғамдық тыңдау өткізілді.
Жиын барысында сотталушылар арасындағы тәрбиелік және әлеуметтік-психологиялық жұмыс жөніндегі бөлімнің бастығы Сабыр Мұшанбеков абақтыдағы жағдай туралы мәлім етті. «Бүгінде Ақмола облысының Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерде 1 883 сотталушы бар. Олардың ішінде 1 250 адам пробациялық қызметте. «Амнистия туралы» заңға еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 112 сотталушы ілініп отыр», – деп атап өтті Сабыр Мұшанбеков. Заң жобасына сәйкес, әлеуметтік осал санатындағы азаматтарды босату жоспарланған.Заң жобасына сәйкес қылмыстық жауапкершілік пен жазадан аса ауыр емес қылмыстық әрекет жасаған, шығын келтірмеген, қылмыстық құқықбұзушылық және басқа да қуыным талабы болғанымен, оны толығымен өтеген адамдар босатылады. Сонымен қатар ауыр және аса ауыр қылмыстардың жартысын немесе төрттен бір бөлігін жасаған әлеуметтік осал санаттағы адамдар үшін негізгі жазаның мөлшері мен мерзімін қысқарту қарастырылған. Бұл гумантистік тұрғыдан өте дұрыс. Бұл абақтыдағы халық санының төмендеуіне оң ықпал етеді. Амнистия ең алдымен барлық мүгедектерге, әйелдерге, жалғызбасты әкелерге, сонымен қатар медициналық қорытынды бойынша ауру деп сипатталған адамдарға қатысты болып отыр. Бұл – пенитенциарлық жүйедегі маңызды әрі үлкен қадам. Бостандыққа шыққан адамдар мүлде жоқ болып кетпей, басқа да ведомстволармен, оның ішінде әлеуметтік қорғау мекемелерімен ынтымақтастықта болады. Бұл рецидивті қылмыстық оқиғалардың азаюына да оң ықпал ететін болады», – дейді адам құқықтары және туберкулезбен күрес «Луч Надежды» қоғамдық қорының директоры Любовь Рубежанская. Естеріңізге сала кетейік, Тәуелсіздік жылдарында елімізде сегіз мәрте амнистия жарияланған. Ең соңғысы 2016 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткізілді.Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы