Ішімдік ішкен көлік жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті

Ішімдік ішкен көлік жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті

Жарақат алған үш оқушы ауруханада жатыр. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаменті хабарлады.

«Оқиға 2 наурызда сағат 18:40-та Еңбекшіқазақ ауданында болды. «УАЗ» автокөлігі Арзиев көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, жол жиегінде тұрған екі 8 жастағы және екі 9 жастағы қызды қағып кетті. Полицейлер оқушыларды қағып кеткен Еңбекшіқазақ ауданы Корам ауылының 54 жастағы тұрғыны екенін анықтады. Ол көлікті мас күйінде жүргізген», – дейді полицейлер. Жарақат алған үш бала Шелек аудандық ауруханасында жатыр.

Жүргізуші медициналық айықтыру пунктінде отыр. Тергеу басталды.