Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қазақстандықтарға Наурыз мейрамын отбасында тойлап, ауқымды шаралар өткізбеуге шақырды.

"Ауқымды мерекелік шаралар өткізбей, Наурыз мерекесін отбасында атап өтуге кеңес береміз. Естеріңізде болса, жаңажылдық демалыс күндерінен соң коронавирус өршігені белгілі. Осы жағдайды ескеріп, санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз", – деді Марат Шоранов брифингте.
Наурыз айында қазақстандықтар 12 күн демалып, 19 күн жұмыс істейді.