Танымал спорт комментаторы қайтыс болды

Танымал спорт комментаторы қайтыс болды

Спорт комментаторы Юрий Розанов 59 жасында қайтыс болды,– деп хабарлайды aikyn.kz тілшісі. Бұл туралы Юрий Розановтың әріптесі, Match-TV жүргізушісі Михаил Моссаковский мәлімдеді. 2019 жылы комментаторға қатерлі ісік диагнозы қойылған.

«Юра Розановтан айырылып қалдық. 15 минуттан кейін эфир. Мен қалай жұмыс істейтінімді білмеймін », – деп жазды Моссаковский мырза Twitter-де.
3 наурыздағы Ресей футбол чемпионатының 21-ші туры мен Континентальды хоккей лигасының плей-офф матчтары бір минуттық үнсіздікпен басталады,– деп хабарлады турнирлердің баспасөз қызметі. [caption id="attachment_116538" align="aligncenter" > Юрий Розанов. Фото: instagram.com/rozanov.iurii[/caption] Юрий Розанов 1961 жылы 12 маусымда Мәскеу облысында дүниеге келген. 1996 жылы ол өзінің мансабын NTV-Plus теледидар комментаторы ретінде бастады. 2002-2003 жылдары TVS телеарнасының жаңалықтар бағдарламасында «Спорт жаңалықтарының» жүргізушісі болды. Кейін ол украин арналарында комментатор болды, содан кейін Бүкілресейлік мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясының спорттық арналарында жұмыс істеді. 2015 жылдың қараша айынан бастап ол Match TV арнасында футбол және хоккей комментаторы болып жұмыс істеді. TEFI сыйлығының лауреаты.