Шымкентте журналистерге қол көтерген полицейлер үшін департамент басшысы кешірім сұрады

Шымкентте журналистерге қол көтерген полицейлер үшін департамент басшысы кешірім сұрады

Оқиға 2 наурызда түнде болған. Бұл туралы otyrar.kz жазды.

Тілші Бахрамбек Талибжанов пен Бахром Абдуллаев өртенген қоймаға келген. Полицейлер оларға өртті видеоға түсіруге тыйым салған. Абдуллаевтың айтуынша, әріптесі қорғамақ болғанда полицей оның ернін жыртып, бірнеше рет бүйірінен ұрған. Журналистерді полиция бөлімшесіне апарған. Олардың арызын қабылдамай, керісінше түсініктеме жазуды талап еткен.

Ал AstanaTV-ның мәліметінше, Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Ералы Жұмаханбетов Facebook-тағы парақшасында журналистерден кешірім сұрап, жазба жариялады. Оның айтуынша, қызметтік тексеріс жүргізіледі.

  https://youtu.be/SVMAsBLQU6I

Шымкентте 2 наурыз күні автобөлшектер сататын базардың қоймасы өртенді.