Көпірдің астынан жас жігіттің мәйіті табылды

Көпірдің астынан жас жігіттің мәйіті табылды

Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, азиат пішіндес жігіттің мәйіті бүгін сағат 07.01-де қалаға қарасты Деркөл кентіндегі көпірдің астынан табылған.

Жігіттің жасы шамамен 17-де. Ал Полиция департаменті болған оқиғаны растады. Жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Марқұмның кім екені анықталғаннан кейін ақпарат тарататынын мәлімдеді.

Бұған дейін Жамбылда арықты тазалап жатқан жұмысшылар қамыс арасынан өлген адамның мәйітін тауып, полицияға хабар бергенін жазған болатынбыз.