Солтүстікте боранға байланысты жолдар жабылды

Солтүстікте боранға байланысты жолдар жабылды

СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жолда 50 метр қашықта жер көрінбейді.

Осыған байланысты сағат 10.15 минуттан бастап бірқатар республикалық маңызы бар жолдар барлық көлік түрлері үшін жабылды. Атап айтқанда, – М-36 «Екатеринбург-Алматы» 729-856 км (Қостанай облысының шекарасынан Ақмола облысының шекарасына дейін); – Р-11 «Көкшетау-Рузаевка» 61-196 км (Ақмола облысының шекарасынан Рузаевка елді мекеніне дейін); – А-16 «Жезқазған-Петропавл» 595-781 км (Ақмола облысының шекарасынан Сергеевка қаласына дейін); – Р-58 «Булаев-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Киялы-Рощинское»–0-194 км (Булаевтан Қиялыға дейін); – Р-59 «Рощенское-Корнеевка-Волошинка» 46-87 км (Корнеевкадан Волошинкаға дейін); - Р-60 «Возвышенка-Тимирязево» 0-119 км (Волошинкадан Тимирезево елді мекеніне дейін); – Р-61 «Тимирязево-Сарыкөл-облыс шекарасы» 0-32 км (Тимирязеводан Қостанай облысының шекарасына дейін).

Құтқарушылар боранда алыс жолға шығудың қауіпті екенін ескертеді.