Белгілі болғандай, былтыр пара алған 1646 қызметкерге қатысты күдікті деп тану туралы шешім шыққан. Оның ішінде Ішкі істер органдарында – 181 қызметкер, Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде – 29 қызметкер, Қарулы күштер саласында – 49 қызметкер, Қаржы министрлігінде – 28 қызметкер, Ауыл шаруашылығы министрлігінде – 20 қызметкер, Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінде – 11 қызметкер, Білім және ғылым министрлігінде – 4 қызметкер, Сыртқы істер министрлігінде – 5 қызметкер, Денсаулық сақтау министрлігінде – 7 қызметкер, Мәдениет және спорт министрлігінде – 4 қызметкер, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде – 5 қызметкер ұсталған. Бұл тізімнің көш басында әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері тұр. Былтыр 203 қызметкер пара алған жерінде ұсталыпты.
Бұдан бөлек, былтыр 7 судья, 20 әкімнің үстінен пара алу фактісі бойынша іс қозғалған екен. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектісі бойынша Нұр-Сұлтан қаласында – 7, Жамбыл облысында – 7, Алматы облысында – 6 Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысында және Ақтөбе облысында – 4 қылмыстық іс қозғалған.
Квазимемлекеттік секторда 366 қылмыс тіркелді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан ақпарат бойынша былтыр елімізде 7 саяси қызметкер отставкаға жіберілді, 10 әкім түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды, тағы 54 бірінші басшы, оның ішінде 48 әкімшілік қызметші және 6 квазимемлекеттік сектордың топ-менеджері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Олардың 13-і өз лауазымдарынан айырылған.11 млн 112 мың теңге кімдерге беріледі?
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы төленеді. Бірақ ескеретіні, егер кінәлі адамға қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне ену керек. Өткен жылы ынталандыру ережелеріне өзгерістер енгізілді. Енді пара немесе келтірілген залал сомасы 1 мың АЕК-тен (2 млн 778 мың теңге) аспайтын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлама үшін сыйақы (қылмыстың ауырлығына байланысты) 30-дан 100 АЕК-ке дейін құрайды. Көрсетілген сомадан артық – сыйақы 10%-ды құрайды, бірақ 4 мың АЕК-тен аспайды (11 млн 112 мың теңге). Бұрын көтермелеудің ең жоғары мөлшері 100 есептік көрсеткіштен (277 мың 800 теңге) аспаған еді. Соңғы 2 жылда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органдарымен жалпы сомасы 58,9 млн теңгеге 396 азамат ынталандырылды.Биылдан бастап қандай қатаң шаралар қабылданды?
Өткен жылдың қазан айынан бастап мемлекеттік қызметшілерге, депутаттарға, судьялар мен олардың отбасы мүшелеріне сыйлықтар беруге толық тыйым салынды. Жақын туыстарының бірлескен жұмысына шектеулер күшейтілді. Арнайы және құқық қорғау органдары қызметкерлері тарапынан арандату үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Соңғы түзету бойынша 2021 жылғы қаңтардан бастап құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар, пара берушілер мен делдалдар үшін сыбайлас жемқорлық үшін жаза қатаңдатылды. Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдар қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазаны өтеу және шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану мүмкіндігі жойылды. Мемлекеттік қызметшілер, Парламент депутаттары мен судьялар үшін шетелдік банктерден шоттар ашу және оларды иелену бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеу қабылданды.