Құтқарушылар әйелді қар құрсауынан алып шығып, дәрігерлерге тапсырған. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті.
Ауа райының нашарлауына және Шідерті – Нұр-Сұлтан тасжолында кептелістің пайда болуына байланысты 2021 жылы 5 наурызда Павлодар қаласынан сағат 22:37-де Екібастұздың Шідерті ауылына ТЖД басшысының орынбасары Алексей Двинянин, Павлодар қаласы жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары Серік Шериазданов және барлық жерде жүре алатын ТРЭКОЛ техникасы жіберілді.«6 наурызда сағат 02:00 кезінде Павлодар қаласынан шыққан төтенше жағдайлар коллонасы жол бойында қар құрсауында тұрып қалған жеңіл автокөлікті тапты. Автокөлікте 1999 жылы туған жүкті әйел болған. Құтқарушылар әйелді эвакуациялап, жедел жәрдем бригадасына жеткізді», - деді департаментте.