Инженерлік желілерді жүргізуге байланысты елордадағы Қосшығұлұлы мен Жабаев көшелерінің бойында жол қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Тұрғын үй құрылысының проблемалы объектілерінің бірі — №188 (жобалық атауы) және Ж.Жабаев, "Ақерке 2"(А блогы) көшелерінің қиылысында орналасқан жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені. Нысанның құрылысы 2021 жылдың 1 тоқсанында жоспарланған. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге және инженерлік желілерді жеткізуге байланысты жол қозғалысы жабылатын болады:
- Ш. Қосшығұлұлы көшесі, №7/1 үйдің аулалық бөлігінде электрмен жабдықтау кабелін төсеу және қолданыстағы №130 тарату қосалқы станциясына қосу бойынша жұмыстарды жүргізу үшін 2021 жылғы 6-13 наурыз аралығында; - Ж.Жабаев және Ш.Қосшығұлұлы көшелерінің қиылысында сумен жабдықтау құбырларын тарту және қолданыстағы су құбырын тесу әдісімен 2021 жылғы 6-19 наурыз аралығында жұмыс жүргізу үшін.