Испанияда бокстан «Boxam» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті.
Olympic.kz-тің хабарлауынша, 52 келіде шаршы алаңға шыққан қазақстандық Сабырхан Махмұд жарыс жеңімпазы атанды.Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасы аталған жарысты 1 алтын, 1 күміс және 4 қола жүлдемен аяқтады.Ол финалда испаниялық Габриел Эскобарды ұтты. Ал 91 келіде жұдырықтасқан Василий Левит күміспен күптелді. Ақтық финалда Испания өкілі Эммануэль Рейес Плаға есе жіберді.