Кейінгі тәулікте Ресейде 10 595 адамнан коронавирус анықталды. Бұл жайында РИА Новости хабарлады. Осылайша, коронавирус жұқтырғандар саны 0,25 пайызға азайған.
Аймақтар бойынша, Мәскеуде – 1534 адамнан, Санкт-Петербургте – 968 адамнан, Подмосковьеде – 773 адамнан, Нижегород облысында – 383 адамнан, Ростовта – 272 адамнан, Воронежде – 271 адамнан, Самарскийде – 268 адамнан, Иркутскте – 201 адамнан, Саратовта – 183 адамнан, Свердловскийде – 174 адамнан коронавирус анықталған. Сонымен қатар, Ресейде бір тәулікте COVID-19-дан 368 адам қайтыс болған, 11 576 адам аурудан айығып шыққан.