UFC чемпионы тыйым салынған соққы жасап, титулынан айрылды

UFC чемпионы тыйым салынған соққы жасап, титулынан айрылды

UFC промоушенінде өнер көрсететін ресейлік файтер Петр Ян белбеуге үміткер Алджамейн Стерлингпен жекпе-жектен кейін шеттелді. Ол ең жеңіл салмақтағы титулынан айрылып қалды. Жекпе-жектің бірінші раунды Стерлингтің есебіне жазылды. Ал қалған раундтарда Петр Ян қарсыласынан басым түсті. Төртінші раундта Петр күтпеген жерден тыйым салынған соққы жасап, қарсыласын нокдаунға түсірді. Соққыдан кейін Стерлинг жекпе-жекті жалғастыра алмады. Осыдан кейін Петр Ян жекпе-жектен шеттетілді. Ал титул нокаутқа түскен Стерлингке берілді. https://www.youtube.com/watch?v=qjeAzwbqZdo&t=62s   Ресейлік файтер UFC титулын 2020 жылы шілдеде Жозе Альдодан жеңіп алған болатын.