Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққан 238 адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 6 наурыздағы мәлімет бойынша коронавирус инфекциясынан жеті адам көз жұмған. Коронавирус белгісі бар пневмониядан төрт науқас қайтыс болған. Қазіргі мәлімет бойынша 18 838 адам коронавирус инфекциясынан (13 712 КВИ+ және 5 126 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 556 пациент стационарда, 14 282 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 238 адамның жағдайы ауыр; • 60 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 38 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.