Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.
Қазақстанда 8 наурыздағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы және Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары «сары аймақта» тұр.
Қалған өңірлер «жасыл аймақта» тұр.