Сегіз облыста дауылды ескерту жарияланды

Сегіз облыста дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК 9 наурызда Қазақстанның сегіз облысында дауылды ескерту жариялады. 9 наурызда Ақтөбе облысының түнде кей жерлерінде жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Кей жерлерінде тұман күтіледі.  Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.  Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтау қ.: 09 наурызда көктайғақ күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. 9 наурызда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.