Оңтүстік Кореяда ескі көліктерді ұрлады деген күдікпен 3 қазақстандық ұсталды

Оңтүстік Кореяда ескі көліктерді ұрлады деген күдікпен 3 қазақстандық ұсталды

Оңтүстік Кореяда ескі көліктерді ұрлады деген күдікпен 3 қазақстандық ұсталды. Бұл туралы "Ренхап" агенттігі хабарлады.

Ұсталғандар 26 ақпан мен 3 наурыз аралығында сауда кешенінен пайдаланылған жеті автокөлікті ұрлап, Кванджуға апарған. Кейбір көліктер иелеріне қайтарылды.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ақпараттың тексеріліп жатқанын хабарлады.

Бұған дейін иелері қоқыс шығарып, дүкенге барып келгенше екі ұры он пәтерді тонап үлгергенін жазған болатынбыз.