2020 жылғы ақпанмен салыстырғанда қолданыстағы тұрғын үйдің бағасы 20%-ға, ал жаңа үйлер 8%-ға қымбаттаған.
Ақпан айында қолданыстағы пәтерлерді қайта сату құны 3,1%-ға өсіп, шаршы метрі 252,3 мың теңгеге жеткен. Ал жаңа үйлердің бағасы 1,2%-ға, шаршы метрі 323 мың теңгені көрсеткен. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қолданыстағы тұрғын үйді жалға алу төлемі де өсіпті. Сөйтіп, 1,6%-ға артып, 2020 жылғы ақпанға қарағанда өсім 11,3 %-ға жетті. Жалға алу бағасы орта есеппен бір шаршы метр үшін 1 714 теңгені құрады. 2021 жылғы ақпанда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі кейінгі бес айда Қазақстанда жаңа үйлердің бағасы 5%-ға өскенін хабарлаған-ды. Ал қолданыстағы үйлер бірден 12,5%-ға қымбаттаған.А.АЙДАРҚЫЗЫ