2021 жылғы қаңтарда Қазақстанда 4 мыңнан астам алаяқтық фактілері анықталды. Олардың көпшілігі интернеттегі алаяқтыққа қатысты.
Finprom.kz порталының хабарлауынша, 2021 жылдың бірінші айында алаяқтық фактілері 3 мыңнан астам болған 2020 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда бірден 30,9 пайызға артық тіркелді. Оның 43,3 пайызы желідегі алаяқтыққа қатысты. Сондай-ақ төлем карточкаларын қолдану арқылы 18 жағдай, несие беру саласында 11 бұзушылық және қолма-қол ақшамен және жылжымайтын мүлікпен несие беру саласында бір алаяқтық фактісі анықталды. Осы бап бойынша құқықбұзушылықтардың меншікке қарсы үлесі айтарлықтай өсті: 2021 жылы бұл көрсеткіш 37,3% -ды құраған екен. Статистикада келтірілген, оған сәйкес алаяқтық істердің 44,1 пайызы үш мегаполиске тиесілі: Алматы (824 жағдай, +4,7%), Нұр-Сұлтан (524 іс, +56%) және Шымкент (433 іс, +33,6%).Назгүл ЕРЖАНҚЫЗЫ