Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары «қызыл» аймаққа енді

Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары «қызыл» аймаққа енді

Қазақстан Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады. Қазақстанда 10 наурыздағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары «қызыл» аймақта тұр. Ал «сары» аймақта Батыс Қазақстан, Атырау, Ақмола және Павлодар облыстары орналасқан. Ал қалған өңірлер «жасыл аймақта». Жалпы, Қазақстан коронавирустың таралу қаупі бойынша «жасыл» аймақта тұр. ⠀