Медициналық сақтандыру қоры басшылардың сыйақысына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Қордың баспасөз қызметі.
Медициналық сақтандыру қоры 2019 жылғы қаржылық есепте Басқарма төрағасы мен оның орынбасарлары құрамындағы басқарушы персоналға сыйақы үшін төленген 76 762 000 теңге сомасындағы шығыстар көрсетілгенін хабарлайды (4 адам).Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес ӘМСҚ сайтында және Қаржы министрлігінің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет ресурсында ресми жариялануға жататын қаржылық есептіліктің міндетті аудитін жүргізетінін естеріңізге саламыз."Бұл шығыстарға 2019 жылғы ҚР еңбек заңнамасына сәйкес жалақы, төленетін демалыс, сыйлықақы, еңбекке жарамсыздық төлемдері кіретіні туралы айта кету керек. Бұл ретте төленген сыйлықақылар ҚР Үкіметінің 02.12.2014 жылғы № 1266 қаулысымен белгіленген мөлшерден аспайды, - делінген хабарламада.