10 наурызда Қазақстан аумағына Германия, Франция, Оңтүстік Корея, Мальдив Республикасы, Египет, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 22 халықаралық әуе рейсімен 3 мыңға жуық жолаушы келді. Келген жолаушылардың 2598-інде теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-анықтама болса, қалған 374 Қазақстан азаматында тиісті анықтама болмаған.
- Алматы әуежайына – 14 рейс (1 833 жолаушы, анықтамамен – 1 798, анықтамасыз – 35);
- Нұр-Сұлтан әуежайына – 3 рейс (347 жолаушы, анықтамамен – 195, анықтамасыз – 152);
- Шымкент әуежайына – 2 рейс (барлық 333 жолаушы анықтамамен келген);
- Ақтау әуежайына – 1 рейс (барлық 129 жолаушы, анықтамамен келген);
- Ақтөбе әуежайына – 1 рейс (232 жолаушы, анықтамамен – 45; анықтамасыз – 187);
- Атырау әуежайына – 1 рейс (барлық 98 жолаушы, анықтамамен келген).