25 жастағы қытайлық келіншек өзінің еркек болып туғанын кездейсоқ білді

25 жастағы қытайлық келіншек өзінің еркек болып туғанын кездейсоқ білді

Қытайда 25 жастағы әйел ойламаған жерден өзінің еркек болып туғанын білді, деп жазады Global Times.

Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясында тұратын Пинпин есімді әйел 25 жасқа келгенде өзінің еркек екенін білген. Өткен жылы тұрмысқа шыққан. Алайда,оның етеккірі келмей, жүкті бола алмаған. Жақында әйелдің тобығы шығып кетіп, ауруханаға тексерілуге барған. Тексерістен кейін оның жатыры жоқ екені белгілі болды.

Бұдан басқа, әйелден ерлердікі секілді Y-хромосома анықталды.  Бұл Пинпиннің генетикалық тұрғыдан еркек екенін дәлелдейді.

Дәрігерлер оған психологқа баруға кеңес берді.