Құтқарушылар науқастарға көмектесті

Құтқарушылар науқастарға көмектесті

Қостанай облысында ауа райының бұзылуынан жол жүру қиындаған. Боран сал­дарынан науқастарға ауру­­­ханаға жету мұң болған. Сол үшін ТЖД қызметкерлері ме­дициналық көмекке мұқ­­­таж жандарды жедел түрде жа­қын жердегі ауруха­­наға жет­кізіп жатыр.

Қостанай облысында құт­қарушылар тұрғындарға ба­рынша көмектесті. Мә­­селен, 11 наурыз күні олар 7 тех­­ни­каны күртік қардан шы­ғарып, 5 адамды қауіпсіз жерге жет­кізіп, 19 адамды құ­т­қарды. Олардың арасында бір бала бар. Облыстағы Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, 11 наурыз күні Арқалыққа жақын Фурмановка ауылының тұр­ғын­дары қар құрсауында қалып қой­ған. Қар мен қатты желдің әсе­рінен ауылға жетер жол жабыл­­­­­ған. Осылайша, ауыл тұрғындары құт­қарушылармен байланысқан. Соның ішінде 5 адамға меди­циналық көмекке қажет болған. Нақтырақ айтқанда, оларды же­дел түрде Арқалықтың орта­­­­лық ау­дандық ауруханасына жет­кізу керек еді. Бірақ жолды тізеге дейін қалың қар басқан. Жағ­дайды түсінген ТЖД қыз­мет­керлері ауылға жол талға­­майтын көлікпен жеткен. Олар төрт ере­сек адамды және бір үш жасар баланы қар құрсауынан алып шығып, Ар­қалықтағы ау­­­рухана дәрі­герлеріне алып бар­ды. Құтқарушылар осындай күн­дері жедел жәрдем қыз­мет­кер­­лерінің жұмысын жеңіл­детуге тырысады екен. Әсіресе, шал­ғай ауылдардан қоңырау ша­ла­тындар көп. Сондықтан қыз­меткерлер ауа райының қолай­сыздығына қа­рамастан, он, кейде жүз ша­қырым жерді басып өтеді.

А.ЖОЛДАС