Жамбыл облысында өткен жылы құқық қорғау органдарына террористік сипаттағы қауіп-қатермен екі хабарлама келіп түсті. Бұл жайында ІІМ ресми сайты хабарлады.
1983 жылы туған тағы бір ер адам 102 пультіне қоңырау шалып, Тараздың шағын аудандарының бірінде үйді жарып жібермек болғанын хабарлады. Аталған дерек ҚР ҚК 273-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Тараз қаласының №2 соты оны төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.1971 жылғы ер адам Тараз қалалық сотының ғимаратын жарып жібермек болған. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы 1-бөлігі бойынша (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) тіркелді. Ұсталған азамат 2000 жылдан бастап психиатриялық есепте тұрғаны белгілі болды. Тараз қаласының №2 соты оны мәжбүрлеп емдеуге жіберді.