Жанбота Алдабергенова әлем кубогі кезеңінің қола жүлдегері атанды

Жанбота Алдабергенова әлем кубогі кезеңінің қола жүлдегері атанды

Қазақстандық акробат Жанбота Алдабергенова әлем кубогі кезеңінің қола жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Olympic.kz. Алматыда шаңғы-акробатикасынан әлем кубогінің соңғы кезеңі өтіп жатыр. Әйелдер арасында өткен жекелей сында қазақстандық Жанбота Алдабергенова Қазақстан қоржынына жүлде салды. Финалда ол 84.99 нәтижесін көрсетіп, қола жүлдегер атанды. Аталған санат бойынша канадалық Марион Зенаул топ жарса, ресейлік Любовь Никита күміспен күптелді.