Түркістан облысының бес ауданындағы кейбір ауылдар жарықсыз қалды. Қазір «Оңтүстік Жарық» мекемесі электр желілерін қайта қалпына келтіріп жатыр.
Бұл аумақта 20-дан астам бригада, 100-ден астам адам, 30-дан астам техника жұмылдырылған «Орын алған жағдай облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бақылауында. Барлық мүдделі органдардың қатысуымен штаб құрылды. Жоғарыда аталған аудан, қалалардың әкімдері мен құтқару қызметінің барлық техникасы дайын», – делінген хабарламада.«Ауа райының күрт нашарлауы салдарынан Түркістан облысының бес ауданындағы Бәйдібек, Отырар, Ордабасы, Кентау және Арыс қалаларында электр тасымалдау желілері үзілген. Түні бойы және қазіргі уақытта «Оңтүстік Жарық» мекемесінің жедел-құтқару жасағы электр желілерін қайта қалпына келтіру жұмысын жүргізуде», – делінген хабарламада.