Словакияда вакциналау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Ел астанасы Братиславада ұлттық футбол стадионы екпе салатын үлкен орталыққа айналды. Жергілітік билік өкілдерінің хабарлауынша, мұнда күнінен 2500-ге дейін адам вакцина салдыруы тиіс. Орталыққа тек астана халқы емес, сондай-ақ маңайдағы елді мекендердің тұрғындары келе алады. Словакияда індет басталғалы 5 жарым миллиондай халықтың 337 мыңы коронавирус жұқтырып, 8 мың 440 тұрғын көз жұмған. – Жаңа ашылған орталықтың барлық жерінде ауа баптағыш орнатылған. Ғимарат сағат сайын зарарсындандырылады. Сондықтан бұл жерді қауіпсіз деп сеніммен айтуға болады, – дейді дәрігер Томас Сзалай.