Кранның құлаған видеосы әлеуметтік желіде жарияланған. Құрылыс алаңында болған тосын жай бойынша Төтенше жағдайлар департаменті түсінік берді.
Ресми ақпаратқа сәйкес, мұнара краны «Отау-Строй» ЖШС-дан жалға алынған. ТЖД өкілі кран қабылдау сынағынан өтпеген және пайдалануға берілмегенін атап өтті. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. [caption id="attachment_119475" align="alignnone" > ©tengrinews.kz[/caption]«2021 жылдың 12 наурызында таңғы сағат 10:00-де Шымкенттегі Бәйдібек би мен Көшеров көшелерінің қиылысында орналасқан «Ер-Наз 7» ЖШС құрылыс нысанында монтаждау кезінде мұнара кранын ұстап тұратын сымарқан бөлігі сынып кетіп, кран салбырап қалды», - деп хабарлады Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі өкілі.