Павлодардағы құрылыс алаңында автокран құлап, электр беру желісін зақымдады. Сөйтіп, 30-ға жуық үй жарықсыз қалды. Сондай-ақ, құрылыс материалдарын тас-талқан етті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, автокран 13 наурызда сағат 17.03-те Естай - Больничный тұйық көшесінің қиылысында құлаған.Оқиғаның видеосы Instagram-да жарияланды. «Кран құлап, приораны қиратты», - дейді куәгер. Видеода кранның құрылыс вагонының төбесіне құлап, оны майыстырғаны көрінеді. Салдарынан құрылыс материалдары көлікке түскен.
«Құрылыс жұмыстары кезінде жеке ұйымның шынжыр табанды краны электр беру желісіне аударылып түсті, салдарынан 30-ға жуық тұрғын үй бірнеше сағатқа жарықсыз қалды», - деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілі.