Жапонияның орталық бөлігіндегі Норикура тауының етегінде қар көшкінінен бірнеше адам зардап шекті. Бұл жайында Киодо агенттігі хабарлады.
Агенттіктің хабарлауынша, қар көшкіні салдарынан бес-алты адам үйінді астында қалды. Дегенмен NHK телеарнасы бұдан бұрын қар көшкінінің астында қалғандардың зардап шекпегендерін және үйінділердің астынан өздігінен шыққанын хабарлаған болатын.