Алматыдағы ұшақ апаты: «қара жәшік» табылды

Алматыдағы ұшақ апаты: «қара жәшік» табылды

ҚР Үкіметі Алматыдағы ұшақ апатының мән-жайын анықтау мақсатында арнайы сараптау комиссиясын құрды. Оның құрамына Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерінің өкілдері кірді.

«Қазіргі уақытта комиссия мүшелері әуе кемесінің апатқа ұшыраған оқиға орнында. Борттық жазу құралы («қара жәшік») табылды. Қазір оның ішіндегі мәліметтер тексерілуде. Нәтижелері жақын уақытта хабарланады. Туғандары және туысқандарымен психологтар жұмыс істеуде. Медициналық көмек көрсету үшін Алматы қаласында орналасқан ҰҚК госпиталінің мамандары жұмылдырылған», - деп жазылған хабарламада.

Арнайы бортпен Е.Васильковтың ата-аналары Петропавл қаласынан Алматыға жеткізілді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қаза болғандар мен жапа шеккендердің отбасылары мен туғандарына қажетті материалдық, жерлеу рәсімдерін өткізу үшін де көмек көрсетуде.