Кәсіпкер 100 отбасыны жарылқады

Кәсіпкер 100 отбасыны жарылқады

Nur Otan партиясы Сайрам аудандық филиалы «Қайнарбұлақ» бастауыш партия ұйымының төрағасы Сихымбай Уалиханұлы «Бақытты отбасы» жобасы, «Қамқорлық» бағдарламасы аясында Қайнарбұлақ ауыл округіне қарасты елдімекендердегі әлеуметтік аз қамтамасыз етілген 100 отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Жалпы аудандық саяси кеңес мүшесі, БПҰ төрағасы Сихымбай Уалиханұлы бұндай игі істерді әдетке айналдырып, үнемі елге көмектесіп отырады. Әсіресе, елді әбігерге салған төтенше жағдайлар кезеңінде  жұмыссыз қалған, тұрмысы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетті.   100 отбасыға 3 млн теңгеге жуық қаржы жұмсап, игі іс атқарған ел азаматы бұндай бастама алдағы уақытта да жалғасын табатындығын жеткізді.