«Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының актив отырысы өтті.
Күн тәртібінде Батыс Қазақстан облыстық сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары, Жол картасының орындаудағы міндеттері, сайлау алдындағы халықпен кездесулердегі аманаттардың әр депутаттың қолға алған бір жобалары және басқа да тапсырмалардың орындалуы, аудандық сайлауалды бағдарламасы және Жол картасында көрсетілген жұмыстар қаралды. Отырысты «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев кіріспе сөзімен ашты. Өз кезегінде «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев Сырым ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы туралы баяндама жасады. «Nur Otan» партиясының Сырым аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының жұмысын ұйымдастыру мақсатында алдағы бес жыл ішіндегі іске асырылуы тиіс міндеттер айқындалып, оларды орындау бойынша депутаттық фракцияның жалпы және депутаттық фракциясының әр мүшесінің іс-шаралар жоспарына қатысты 12 тармақтан тұратын жоспар жасақталды. Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов ауданда биыл жасалатын ауқымды жұмыс көп екенін мәлімдеді.Әбілмансұр ЖАСАН