«Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы және Жол картасының іске асырылуын бақылау мақсатында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік маңызы бар нысандардың қолжетімділігіне мониторинг жүргізді.
Павлодар облысы бойынша 46 қала және аудан депутаттарымен барлығы 109 ғимарат толықтай тексерілді. Тексеріс барысында 28 нысанда кемшілік анықталды. ⠀ Депутаттар мекемелерді тексеру кезінде пандустардың болуы мен олардың жай-күйіне, әлеуметтік қызметкерді шақыруға арналған қоңырауларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандардың ғимаратқа өз бетінше көтерілу мүмкіндігінің жасалған-жасалмағанына баса назар аударды. ⠀ Тексеру нәтижелері бойынша осы мекемелердің басшылығына тактильді жолақтарды орнату, шақыру батырмаларын жөндеу және қар мен мұзды уақытылы тазарту бойынша ұсыныс берілді. – Мүмкіндігі шектеулі топтардағы адамдар кез келген бөлмеде өздерін жайлы сезінуі керек. Ол үшін барлық жерде кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет. Мұны атап айтқанда жеке бизнес өкілдері түсінуі тиіс, – деп атап өтті «Nur Otan» депутаттық фракциясының мүшелері.Әбілмансұр ЖАСАН