Бұдан былай халықтың мәселесі журналист басқаратын кеңседе шешілетін болды

Бұдан былай халықтың мәселесі журналист басқаратын кеңседе шешілетін болды

Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы шеңберінде мемлекеттік органдарды сервистік қызметтің моделінің форматына айналдыру жалғасуда. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті хабарлады.

Осылайша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің озық тәжірибесі бойынша Алматы қалалық Полиция департаментінде және оның барлық бөлімшелерінде Adaldyq alańy фронт-офисі ашылды.   Кеңсені ПД басшысы Қанат Таймерденов пен Алматы қаласындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Нығмеджан Сапаров ашты.

«Мақсат – сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және халықтың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыру. Жобаны жүзеге асыруға қызметтердің және бөлімшелердің тәжірибелі қызметкерлері, сондай-ақ, қоғам қатысады. Жобалық кеңсенің басты міндеті - сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін ұсыныстарды жинау, қалыптастыру, себептер мен жағдайларды жою бойынша жаңа тәсілдер мен шешімдерді әзірлеу. Олар қоғамдық талқылауға шығарылып, ұжымдық түрде қаралатын болады», – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Алматыдағы Adaldyq alańy кеңсесін белгілі журналист Василий Шупейкин басқарады. Жоба тікелей азаматтар үшін барлық қолайлы жағдай жасалған және барлық санитарлық-эпидемиологиялық стандарттар сақталған ПД-нің фронт-офисінен басталады. Мұнда білікті мамандар тұрғындарға құқықтық кеңес береді. Бірінші кезекте азаматтардың мүддесін қорғайды. Сыбайлас жемқорлықпен күреседі. Құқық қорғау органдарының жаңа жұмыс форматына көшуі елмен етене жақын жұмыс істеуіне қолайлы. Бұл технологияны қолдану заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың барлық талабына сай келеді.

«Мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындығы – біздің жұмысымыздың басты басымдығы екені анық. Біз барлық мемлекеттік органда Adaldyq alańy фронт-офистерін ашуды жалғастырудамыз.  Мемлекеттік органдар күнделікті сыбайлас жемқорлықты жою және азаматтардың өтінішіне қатысты сауалдарға жедел жауап береді», – деді, Нығмеджан Сапаров.