«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Ляна Тұрсынова тұрғындарды қабылдады.
Қабылдауға келген, онлайн арқылы қатысқан әрбір азамат назардан тыс қалмады, әрқайсысына жеке-жеке түсініктемелер мен кеңестер берілді. Құрманғазы көшесіндегі 9 қабатты үйдің тұрғыны жертөледе ыстық судың құбыры жарылғанының салдарынан, ыстық сумен жылу қуатынан айырылғанын айтты. Халық қалаулысы ТҮКШ-ге өтініш жазу қажет екенін атап өтіп, бұл мәселенің шешу жолдарын көрсетті. Қабылдауға үй мәселесін айтып Бәйтерек ауданының тұрғыны да келді. Оған аталған мәселе бойынша толық анықтамалық түсініктемелер берілді. Облыстық мәслихат депутаты халықтың әлеуметтік осал топтарын мемлекеттік қолдау, сондай-ақ жұмыспен қамту жөнінде де кеңестер берді. Әрбір мәселе бойынша істің барлық мән-жайы анықталды. Мамандардың кеңестері немесе басқа ведомстволардың жауаптары қажет болатын өтініштер қабылданып, жауабы міндетті түрде өтініш берушілерге жіберіледі.Әбілмансұр ЖАСАН