17 наурызға арналған ауа райы болжамы

17 наурызға арналған ауа райы болжамы

Тек қана батыс пен оңтүстік-батыста жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман түседі, жел күшейеді.

Маңғыстау облысында жел екпіні кей жерлерде 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Кей жерлерде шаңды дауыл соғады. Батыс Қазақстан облысында тұман түседі. Көктайғақ болады, жел екпіні – 15-20 м/с. Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі. Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі, жел жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді. Ақмола облысында желдің күші 15-20 м/с болады. Жаяу бұрқасын көтеріледі. Атырау, күндіз Түркістан, Ақтөбе облыстарында жел екпіні – 15-20 м/с.