Алматыда жүк көлігі әжесі мен немересін қағып кетті,– деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Facebook қолданушысы Марина Салиеваның айтуынша, оқиға 15 наурыз күні таңғы сағат 09:30-да болған. Павлодар көшесіндегі аялдамада жүк көлігінің жүргізушісі екі адамды – әжесі мен немересін қағып кеткен. ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігі (Жол қозғалысын бұзу) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
«Зардап шеккендердің жол апаты кезіде алған жарақаттардың ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Өндіріс объективтілік, толықтық және жан-жақты принциптерін қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады. Осы оқиғаны әлеуметтік желіде баяндаған автордың дәлелдері негізсіз және қоғамды адастырады»,– делінген хабарламада