Қазақстанның барлық қаласы карантинге жабыла ма?

Қазақстанның барлық қаласы карантинге жабыла ма?

Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдайы нашарлаған өңірлерге карантин енгізуге қатысты сауалға жауап берді. 

«Карантиннің қанша уақытқа созылатыны өзімізге, санитарлық дәрігерлердің талаптарын сақтауымызға байланысты. Егер эпидемиялық жағдай нашарласа, мәселе ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізіледі. Қалаларды карантинге жабу туралы шешімді комиссия қабылдайды. Әзірге бұл мәселе қарастырылып жатқан жоқ»,– деді Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасағанын хабарлаған болатынбыз.