Польша билігі коронавирустың үшінші толқыны күшеюіне байланысты бүкіл елге карантин енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Адам Недзельский мәлімдеді, – деп хабарлайды ТАСС.
- Біз барлық шектеулер мен нормаларды бүкіл ел аумағында енгізу туралы шешім қабылдадық, - деді ол баспасөз мәслихатында.Недзельскийдің айтуынша, елде коронавирус тез таралып отыр, әсіресе халықтың жартысынан көбінен (52%) "Британдық" штамм анықталған. Соңғы апталарда локдаун Польшаның жекелеген аймақтарында ғана енгізілген еді. Министрдің айтуынша, бүкіл ел бойынша қонақ үйлер, мәдениет және спорт нысандары жабылуда, сауда орталықтарының жұмысы шектеліп отыр. 9 сәуірге дейін мектептерде қашықтан оқыту енгізіледі. Бұған дейін Польшада коронавирус бойынша күніне 25 052 жағдай тіркелен. Бұл – қарашадан бергі ең жоғары көрсеткіш.