Мереке күндері астанада автобус жүре ме?

Мереке күндері астанада автобус жүре ме?

Ал мереке күндері, 22-24 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді. Бұл туралы City Transportartion Systems Instagram-дағы парақшасында ресми хабарлады.

Астанада жексенбі күні, 21 наурызда қалада және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Қоғамдық көлік Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес бір күн жұмыс істемейді. Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Басқа күндері, соның ішінде сенбі күні қалада және қала маңына қатынайтын бағдарлар қалыпты жүреді. Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Жолақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.

Қазақстанда күн сайын коронавирусқа шалдыққандар саны артып, Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы әлі «қызыл» аймақтан шыққан жоқ.