Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 9 гектар жер учаскесін заңсыз иеліктен шығарған. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, – деп жазды inform.kz.
Аймағамбетовтің айтуынша, аталған факті бойынша материалдар құқық қорғау органдарына тапсырылды.«Министрлік 2020 жылғы желтоқсанда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде ішкі аудит жүргізу барысында Алматы қаласының жанындағы Кемертоған кентінде орналасқан, ЖОО-ға тиесілі алаңы 9 га жер учаскесін заңсыз иеліктен шығару фактісін анықтады», – деді министр.
Министр бұған дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жеріне қатысты пікір білдірген еді.