Есірткі заттарын заңсыз жеткізу Жамбыл облысының Шу ауданынан және аталған облыс тұрғынының ұйымдасқан топ мүшесінің қатысуымен жүзеге асырылған,– деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
« 2019 жылғы қарашада Павлодар облысының полиция департаменті арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Павлодар қаласының аумағында есірткі құралдарын заңсыз өткізумен ұзақ уақыт бойы айналысқан облыс орталығының тұрғыны бастаған ұйымдасқан топтың қылмыстық әрекетінің жолын кесті», – деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.Қылмыстық топ басшысы мен оның ұлдарының тұрғылықты жері бойынша ауқымды тергеу және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында аса ірі мөлшерде «гашиш», «героин», сондай-ақ 200 келіден астам «марихуана» есірткі, сондай-ақ атыс қаруы тәркіленді.
"2020 жылдың 30 желтоқсанында Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі 18 жылға бас бостандығынан айырылды, қалған 7 қатысушы, оның ішінде асырауында 3 кәмелетке толмаған баласы бар әйел 16 жылға бас бостандығынан айырылды", – деп атап өтті Рашад Өтеуов.