Бокстан Түркияда өтіп жатқан халықаралық додада Қазақстан әйелдер құрамасы сапынан Валентина Хальзова финалға шықты.
Байрақты бәсекеде 75 келіде өнер көрсететін Хальзова жартылай финалда Ресей боксшысын қапы қалдырды. Айта кетерлігі, өзге салмақтағы саңлақтарымызға финалда жұдырықтасу бақыты бұйырмады. Мәселен, 51 келі Ангелина Лукас түрік боксшысынан, 60 келідегі Владислава Кухта Ресей спортшысынан, Римма Волосенко алжирлік қарсыласынан ұтылды. Дегенмен аталған отандастарымыз турнирдің қола жүлдесіне ие болды. Ал 51 келіде бақ сынаған Назым Қызайбай мен 75 келіде шаршы алаңға шыққан Фариза Шолтай ширек финалда сүрінген еді.Айбике ЖАНАСЫЛ