Қытаймен шекаралас Шығыс Қазақстанға маска жетпей жатыр

Қытаймен шекаралас Шығыс Қазақстанға маска жетпей жатыр

Денсаулық сақтау министрлігі елімізде медициналық масканың неліктен жетіспей жатқанын түсіндірді. – Кәсіпкерлер мен алыпсатарлардың запастағы медициналық маскаларды Қытай Халық Республикасына сатқаны анықталды. Осыған байланысты масканы шетелге экспорттауға тыйым салынып отыр, – деді министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп. Оның айтуынша, жетіспей жатқан тауар түрі шетелден импортталады. Бір ғана Шығыс Қазақстанға 2 миллион дана медициналық маска алынбақ. Еске салайық, бұған дейін облыс тұрғындары маска тапшылығына байланысты алаңдаушылық білдірген болатын. Дәурен Аллабергенұлы, Шығыс Қазақстан облысы