Жамбылдық полицейлер іздеуде жүрген 19 қылмыскерді ұстады. Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері іздеуде жүрген 19 қылмыскермен қоса із-түзсіз жоғалып кеткен 14 азаматтың орналасқан жерін анықтады.
«ТМД елдерімен өзара әрекет нәтижесінде Жамбыл облысының аумағында сегіз қылмыскердің орналасқан жері анықталды және төртеуі Қырғызстан аумағында ұсталды», – делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.