Түрік депутаты және дәрігер Режеп Шекер өзімен бірге Бішкектен Стамбұлға ұшып келген нәрестеге шұғыл көмек көрсетті, – деп жазады түрік басылымы Anadolu. Оқиға Turkish Airlines әуекомпаниясының бортында болған. Стюардессалар медициналық көмек көрсету үшін баланы Шекерге алып келген.
"Мен баланы тексердім. Бозарған, тыныс жоқ, жүрек тоқтаған. Жасанды тыныс алып, жүрек массажын жасадым, содан кейін бала демалды", – дейді Шекер.Ұшақ Анкараға шұғыл түрде қонды, содан кейін кішкентай жолаушы ауруханаға жеткізілді. Нәрестенің жағдайы жақсарғаны белгілі болды. Лайнер Стамбұлға ұшып кетті. Шекер өзі құтқарған бала егіздердің сыңары екенін айтты. Балалардың анасы – Қазақстан азаматшасы. Реджеп Шекер – Караман қаласынан Түркия Ұлттық жиналысының депутаты, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның жеке дәрігері.