«Жезқазған-Сәтбаев» автожолында жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам қаза тапты, - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі. 22 наурыз күні сағат 00.30-да «Жезқазған-Сәтбаев» автожолында «ВАЗ» автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, жолды бөліп тұрған қоршаудың кронштейніне соғылған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізілуде», - делінген хабарламада.